Басты бет > Білім беру > Факультеттер

Орыс тілі институты


俄语学院.jpg

Орыс тілі институты – 1941 жылы құрылған Бейжің шетел тілдері университетінің ең алғашқы институты.

Қазіргі уақытта институтта 8 профессор, 9 доцент, 14 аға оқытушы жұмыс істеп отыр, олардың көпшілігі PhD докторы дәрежесіне ие. Институт үнемі жақсы оқу-тәрбие дәстүрін сақтап келеді: профессор-оқытушылардың біреуі Ресей үкіметінің Президенттік сыйлығын, бірнешеуі «Пушкин сыйлығы», «Горький сыйлығы», «Достық сыйлығы» және Қытайдың орыс тілін оқыту қызметіне үлкен үлес қосқан үшін үздік ұстаздың сыйлығын иеленді.

Институт PhD докторлық және магистрлық дәрежелерді беру құқығына ие, оның орыс тілі мамандығы Бейжің қаласының үздік мамандықтарының қатарына кірді. Институттың мақсаты – орыс тілін жақсы меңгерген, аса білікті, көп қырлы, жаһандық көзқарас бар отанды сүйетін инновациялық мамандарды дайындау.

Институттың  студенттері көптеген бүкілқытайлық және халықаралық орыс тілі олимпиадаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, грантпен Ресейге тегін оқуға барды. Сондай-ақ, көптеген студенттер алмасу бағдарламалары арқылы Ресейдің жоғары оқу орындарында оқты немесе диплом алды.

Институт ғылыми-зерттеу жұмысына ерекше көңіл бөледі, жылсайын оның профессор-оқытушыларының бірнеше монографиясы мен жүзден астам ғылыми мақаласы жарық көреді. Институт – Қытайдағы орыс тілі бойынша оқулықтар мен оқу құралдарды даярлаудың негізгі базаларының бірі. Мұнда әзірленген оқулықтар ұзақ жылдар бойы еліміздегі орыс тілін оқытуда маңызды рөл атқарып келді. Олардың арасында ең танымалдары:

    1960-жылдарда шыққан «Орыс тілі» (1-8 том)

    1980-жылдардағы «Негізгі орыс тілі», «Орта деңгейдегі орыс тілі», «Жоғары деңгейдегі орыс тілі»

    1990-жылдардағы «Орыс тілі (Шығыс) 1-8»

    21 ғасырдың басында жарық көрген «Орыс тілі (Шығыс)» (1-6 том) оқулығының жаңа нұсқасы

Сонымен қатар, институт Бүкілқытайлық орыс тілі бойынша емтиханның (4 және 8 деңгейі) комитетінің төрағалық мекемесі ретінде елдегі орыс тілі пәнінен емтихандарын ұйымдастырады.

Институт «Орыс тілін оқыту» журналын шығарады (журнал шет елдерде де таратылады). Ол Қытайдың барлық орыс тілін үйренетін студенттер үшін  ғылыми зерттеулер мен инновациялық жұмыстарды көрсететін платформа болды.


Қазақ тілі мамандығы туралы

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады, ол Қазақстанның мемлекеттік тілі.

2015 жылдың 13 желтоқсанында Бейжің шет тілдері университетінде Қазақстан орталығы ашылды – бұл Қытайдағы ең алғашқы Қазақстан орталықтарының бірі. Ашылу салтанатына сол кездегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев қатысты. 2016 жылдың қыркүйегінде БШТУ-нің Орыс тілі институтында «Орыс тілі (қосымша қазақ тілі)» мамандығы бойынша бірінші бакалаврлары (10 адам) оқуын бастап, 2020 жылы сәтті бітірді. Сол жылы институт осы мамандық бойынша екінші топ – 7 студентті  қабылдап, оларды 2022-2023 оқу жылында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультетіне жіберді.

Оқу нәтижелеріне қарағанда, институттың орыс-қазақ екі шет тілі мамандығын бітірген түлектерінің қазақ тілін меңгерудің деңгейі – A2-B1 деңгейі аралығында. Екі топ студенттері де қазақ тілі пәнінен бүкілқытайлық конкурста тамаша нәтижелерге қол жеткізді, оның үстінде бір студент бірінші орынды иеленді.

Қазіргі таңда екі топ студенттері де бакалавриатты бітіріп шықты. Олардың көпшілігі Сыртқы істер министрлігі, «Синьхуа» агенттігі, ҚХР қоғамдық ғылым академиясы және т.б. мекемелерде жұмыс істейді.