Басты бет > Университет > Кампус
Student Life

Кітапхана

Университеттің кітапханасы қытай, ағылшын, француз, орыс, неміс, испан, жапон, араб тілдерін қоса алғанда 107 тілдегі (олардың ішінде 101 тілді университетте оқытады) кітаптарды жинақтаған. Кітапханада шамамен 1,64 миллион дана қағаз кітап, 1,41 миллион дана электрондық кітап, 873 түрлі қытай және шет тілдеріндегі газет-журнал, он мыңдаған аудио-визуал материал, 38 мың қытай және шет тілдеріндегі толық мәтінді электрондық журнал, 103 қытай және шет тілдеріндегі дерекқор және кітапхана өзі құрастырған 9 дерекқор бар. Кітапхананың ерекшелігі оның тіл, әдебиет және мәдениетке байланысты бай дерекқорында.

Student Life

Студенттерге арналған іс-шаралар

БШТУ студенттер үшін көптеген іс-шараларды ұйымдастырады, оларға өзінің таланттары мен қабілеттерін толық ашуға мүмкіндік береді.

Student Life

Студенттік өмір

БШТУ сізге көптеген мүмкіндіктер береді, оқығыңыз келсе, университеттің кітапханасына бара аласыз, ал спортпен айналысқыңыз келсе, университетте фитнес залы да бар.