Басты бет > Университет > Біз туралы
>Біз туралы
>Девиз және Логотип
>Басшылық
>Статистика
>Кампус
>Байланыс

Біз туралы

Бейжің шет тілдері университеті (қысқаша БШТУ) Бейжің қаласының Хайдьянь ауданындағы Сисаньхуаньбэй көшесінде орналасқан. Білім министрлігіне тікелей бағынатын, алғашқы «211-жобаға» енген жоғары оқу орындарының бірі, «985» үздік мамандықтарды дамыту инновациялық платформасы ретіндегі жоғары оқу орны және «Әлемдік деңгейдегі университеттер мен мамандықтарын құру жоспарына» кірген университеттердің бірі болып табылады.

БШТУ Қытай Коммунистік партиясы құрған алғашқы шет тілдері жоғары оқу орны болып табылады. 1941 жылы Яньань қаласында Қытай Антижапон әскери-саяси университетінің орыс тілі бөлімшесі ашылды. Ол кейін Қытай коммунистік партиясы Орталық Комитетіне бағынатын Орталық әскери кеңестің Шет тілдері университетіне айналған. ҚХР құрылғаннан кейін, университет Сыртқы істер министрлігінің басшылығына берілді, 1954 жылы Бейжің шет тілдері институты деп аталды, 1959 жылы Бейжің орыс тілі институтымен бірігіп жаңа Бейжің шет тілдері институтын құрды. 1980 жылдан кейін Білім министрлігіне тікелей бағынып, 1994 жылы ресми түрде Бейжің шет тілдері университеті деп аталды.

Бүгін БШТУ 101 шет тілін оқытады. Университеттің Еуропа, Азия және Африка тілдер институттары еліміздегі ең кең ауқымды көп таралмаған тілдерді дамыту базалары болып табылады және Білім министрлігінің алғашқы ерекше мамандықтарды дамыту нүктелерінің бірі болып табылады. БШТУ шет тілдері мен әдебиеті саласындағы үздік жетістіктерімен танымал болғанымен, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдар, құқық, экономика, менеджмент және білім беру салаларындағы мамандықтарды да дамытып отыр. Қазіргі уақытта университетте мыналар шет тілі ретіндегі мамандықтарды ашқан (хронологиялық ретімен): орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі, испан тілі, поляк тілі, чех тілі, румын тілі, жапон тілі, араб тілі, кхмер тілі, лаос тілі, сингал тілі, малай тілі, швед тілі, португал тілі, венгр тілі, албан тілі, болгар тілі, суахили тілі, бирма тілі, индонезия тілі, итальян тілі, хорват тілі, серб тілі, хауса тілі, вьетнам тілі, тай тілі, түрік тілі, корей тілі, словак тілі, фин тілі, украин тілі, голланд тілі, норвег тілі, исланд тілі, дат тілі, грек тілі, филиппин тілі, хинди тілі, урду тілі, иврит тілі, парсы тілі, словен тілі, эстон тілі, латыш тілі, литва тілі, ирланд тілі, мальта тілі, бангла тілі, қазақ тілі, өзбек тілі, латын тілі, зулу тілі, қырғыз тілі, пушту тілі, санскрит, пали, амхар тілі, непал тілі, сомали тілі, тамил тілі, түрікмен тілі, каталан тілі, йоруба тілі, моңғол тілі, армян тілі, малагаси тілі, грузин тілі, әзірбайжан тілі, африкаанс тілі, македон тілі, тәжік тілі, тсвана тілі, ндебеле тілі, комор тілі, креол тілі, шона тілі, тигринья тілі, беларусь тілі, маори тілі, тонган тілі, самоа тілі, күрд тілі, бислама тілі, дари тілі, тетум тілі, дивехи тілі, фиджи тілі, Кук аралдарындағы маори тілі, рунди тілі, люксембург тілі, руанда тілі, ниуэ тілі, пиджин тілі, чичева тілі, сесото тілі, санго тілі, тамазигт тілі, ява тілі, панджаби тілі. Университет Яньань рухын ұстана отырып, ұлттық стратегияға қызмет етуді көздеп, Қытаймен дипломатиялық қатынас орнатқан 183 елдің ресми тілдерін оқытады.

Соңғы жылдары университет студенттерді даярлау әдістемесін жаңарту үшін бірнеше институттар, факультеттер және ғылыми-зерттеу орталықтарды құрды: Қытайдағы жоғары оқу орындары арасындағы алғашқы оқу-әдістемелік басқармасы, Халықаралық ұйымдар институты, Халықаралық білім беру институты, Жасанды интеллект және адамзат тілдері зертханасы және Ұлттық аудару қабілетін зерттеу орталығы. Сонымен қатар, бұрынғы Азия және Африка тілдері институты екі институт – Азия тілдері институты мен Африка тілдері институтына бөлінді. «Әлемдік тілдер, әлемдік мәдениет, әлемдік басқаруды» стратегиялық бағыт ретінде белгілеп, университет Дүниежүзілік шет тілдері университеттері альянсын (Global Alliance of Foreign Studies Universities), Дүниежүзілік аймақтану және елтану қауымдастығын , (Consortium for Country and Area Studies) және Қытай аймақтану мен елтану қауымдастығын (Chinese Consortium for Country and Area Studies) құруға бастамашылық етті.

Университетте мемлекеттік және провинция/министрлік деңгейдегі 54 зерттеу базасы бар, олардың қатарына мыналар кіреді: Білім министрлігінің гуманитарлық қоғамдық ғылымдар саласындағы негізгі зерттеу базасы Қытай шет тілдері мен білім беруін зерттеу орталығы; Білім министрлігінің философиялық-әлеуметтік ғылымдар зертханасы (дайындық кезеңінде) / Білім министрлігінің инженерлік зерттеу орталығының жобасына кірген Жасанды интеллект және адамзат тілдері зертханасы; Ұлттық тіл комитетінің зерттеуге арналған базасы – Ұлттық тіл қабілетін дамытуды зерттеу орталығы; Ұлттық оқу құралдарын дамытудың негізгі зерттеу базасы – Жалпы білім беру және жоғары оқу орындарының шет тілдері оқу құралдарын зерттеу базасы; Білім министрлігінің Халықаралық ұйымдар, мемлекеттер мен аймақтар және халықаралық коммуникацияны біріккен зерттеу институтының пәнаралық инновациялық платформасы / ҚХР Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қытай ұлттарының ортақ тағдыр қауымдастығын зерттеу базасы: Аймақтану және елтану институты; Білім министрлігінің 4 аймақтану және елтануды дамыту базасы: Орталық және Шығыс Еуропаны зерттеу орталығы, Жапонияны зерттеу орталығы, Ұлыбританияны зерттеу орталығы, Канаданы зерттеу орталығы; сонымен қатар Білім министрлігіне тіркелген 37 елтану және аймақтану салаларындағы мәселелерді зерттеу орталығы; Білім министрлігінің 3 гуманитарлық алмасуын зерттеу орталығы: Қытай-Индонезия арасындағы гуманитарлық алмасуын зерттеу орталығы, Қытай-Франция арасындағы гуманитарлық алмасуын зерттеу орталығы, Қытай-Германия арасындағы гуманитарлық алмасуын зерттеу орталығы. Университетте Бейжің қаласының философиялық-қоғамдық ғылымдар саласындағы негізгі зерттеу базасы және білім беруді заңмен басқаруды зерттеу базасы бар, сонымен қатар Университет еліміздегі алғашқы Ұлттық тіл-жазуын насихаттау базаларына, Бейжің қаласының алғашқы Си Цзиньпиң жаңа дәуір Қытай үлгісіндегі социализм идеясын зерттеу базаларына кірді, оған Бейжің жоғары оқу орындарының Қытай үлгісіндегі социализм теориясын зерттеу үшін ынтымақтастық және инновациялық орталығы атағы берілді.

Университеттің 5 журналы («Шет тілдерін оқыту және зерттеу», «Шетел әдебиеті», «Халықаралық форум», «Шет тілдерін оқытуды зерттеудің жаңа нәтижелері», «Әлемдегі Қытайтану») және 2 журналдар жинағы («Жапониятану туралы зерттеулері», «Тіл саясаты мен жоспарлауды зерттеу») CSSCI деректер базасына енді; бір журналы («Қытайдағы орыс тілін оқыту») CSSCI деректердің кеңейтілген базасына енді. Сонымен қатар университет 7 қытай тілді журнал және 13 көптілді журналды (солардың ішінде ESCI-де индекстелген ағылшын тіліндегі «Chinese Journal of Applied Linguistics» журналы, Scopus-та индекстелген ағылшын тіліндегі «Journal of World Languages» және «Interpreting and Society: An Interdisciplinary Journal» журналдары) басып шығарады. Университеттің Қытайдағы шет тілдеріне байланысты кітаптар, бейнеөнімдер және цифрлық өнімдер басып шығару саласындағы ең ірі баспа үйі – Foreign Language Teaching and Research Press (FLTRP) баспасы бар.

БШТУ 122 бакалавриат мамандығын ашқан, олардың 46-сы бүкіл елдегі жалғыз мамандық болып табылады, 54-сі ұлттық дәрежелі, ал 18-і провинциялық дәрежелі бірінші санаттағы бакалавриат мамандықтарының құрылыс алаңы ретінде белгіленді. «Көптілді жаһандық құзыреттілікті дамытудың БШТУ үлгісі» 2022 жылғы Ұлттық оқу-әдістемелік жетістіктер арасында бірінші дәрежелі сыйлығын алды.

Университетте қазір 4 ұлттық деңгейдегі (оның ішінде дайындық кезеңіндегілер), 7 қаладық деңгейдегі үздік мамандық бар. Университетте 6 бірінші деңгейлі мамандыққа (шет тілдері мен әдебиеті, менеджмент ғылымы мен инженерия, аймақтану мен елтану, қытай тілі мен әдебиеті, педагогика, аударма ісі) докторлық дәреже беру құқығы берілген. Сонымен қатар, 12 мамандыққа (шет тілдері мен әдебиеті, менеджмент ғылымы мен инженерия, қытай тілі мен әдебиеті, аймақтану мен елтану, педагогика, саясаттану, журналистика және коммуникация, құқық, қолданбалы экономика, бизнес және басқару, марксизм теориясы, дүниежүзі тарихы) магистр дәрежесін беру құқығы және 9 (аударма ісі, қытай тілі шет тілі ретінде, халықаралық бизнес, қаржы, журналистика және коммуникация, құқық, бухгалтерлік есеп, бизнес және басқару, халықаралық істер) мамандыққа кәсіби магистр дәрежесін беру құқығы берілген. Университеттің Шет тілдері мен әдебиеті мамандығы мемлекеттік «Әлемдік деңгейдегі университеттер мен мамандықтарын құру жоспарына» енгізілген, ал «Шет тілін оқытудың педагогикасы» Бейжіңдегі жоғары оқу орындардың үздік мамандықтарының қатарына кірді. Білім министрлігінің барлық мамандықтарды бағалауында университеттің бірінші дәрежелі мамандығы – «Шет тілдері мен әдебиеті» әрқашан A+ деңгейін алады, елде бірінші орынды иеленді. 2025 жылғы QS әлем университеттерінің мамандықтар бойынша рейтингінде университеттің «Тіл білімі» мамандығы 18-ші орын алды, «Ағылшын тілі мен әдебиеті» – 98-ші орын алды , «Қазіргі тілдер білімі» 151-200-ші орындар аралығында, ал «Педагогика» 251-300-ші орындар аралығында болып, отандық әріптес-университеттер арасында бірінші орынға ие.

БШТУ «Толерантты, білімді және табанды болу» деген девизге сүйене отырып, адамгершілік пен бәсекеге қабілетті кадрларды тәрбиелеу деген негізгі міндетін сәтті орындап келеді. Университет күшті тілдік құзыреттілігі бар көптеген мамандарды даярлады, олар Қытайда және шет елдерде дипломаттар, аудармашылар, педагогтар, кәсіпкерлер, журналистер, заңгерлер және банкирлер сияқты қызметтерде жұмыс істейді. БШТУ түлектерінің арасында 500-ден астам елші және 3000-нан астам кеңесші болды, сондықтан университет «Дипломаттар бесігі» ретінде танымал. Университетте 5700-ден астам бакалавр, 4300-ден астам магистрант және докторант және 1200-ден астам шетелдік студент оқиды. 2024 жылы университет Қытайдағы халықаралық студенттердің білім сапасын қайта аккредиттеу бағалауында «А» деңгейін алды.

БШТУ кадрларды басқару тетіктерін жаңартуға және профессор-оқытушылар құрамының сапасын жан-жақты арттыруға ерекше көңіл бөледі. Қазіргі таңда университетте Қытайдың 1200-ден астам толық штаттық қызметкері және 65 ел мен аймақтан шамамен 200 шетелдік оқытушы бар. Университет профессор-оқытушылар құрамына Қытай халық республикасының «Достық орденінің» иегерлері, елдегі үздік оқытушылар және ұлттық деңгейдегі таланттар кіреді. Профессор-оқытушылардың 90%-дан астамы шетелде оқыған тәжірибесіне ие. Университеттің Қытай шет тілдері мен білім беруін зерттеу орталығының оқытушылар тобы, жаһандық басқару және халықаралық ұйымдар кадрларын даярлау тобы «Хуң Данян (атақты геофизик) рухын жалғастыратын университеттік үздік оқытушылар тобы» ретінде танылды.

БШТУ әлемдегі 80-нен астам ел мен аймақтағы 300-ден астам жоғары оқу орны мен ғылыми мекемемен алмасу-ынтымақтастық келісімдерін қол қойды. Ол Кембридж университеті, Чикаго университеті, Наньянг технологиялық университеті, Токио университеті, Австралия ұлттық университеті, Сорбонна университеті, Гонконг Қытайлық университеті, Малайя университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Сан-Паулу университеті, Барселона автономиялық университеті сияқты шет елдегі атақты жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты. Университет Азия, Еуропа, Америка құрлықтарындағы 18 елде 23 Конфуций институтын салды, саны бойынша отандық жоғары оқу орындарының арасында бірінші орында, олардың ішінде 7-сі әлемдік үлгідегі Конфуций институттары болып табылады.

БШТУ көптілді жаһандық ерекше басылымдар орталығын құрды. Университеттің кітапханасында 107 тілде шамамен 1,6 миллион дана кітап, 1,41 миллионнан астам электрондық кітаптарды, 873 түрлі қағаз газет-журнал және 103 дерекқор бар, олардың көпшілігі тіл, әдебиет және мәдениет салаларына қатысты. Соңғы жылдары мамандықтарды дамытуға байланысты кітапхана саясат, экономика, дипломатия, құқық, журналистика, менеджмент, аймақтану және елтану салаларындағы кітап қорын кеңейтті. Университет «ашықтық, өзара байланыс, ақылдылық, инновациялық, бірігу» деген идеясын ұстана отырып, білім берудегі ақпараттық технологияландыру деңгейін үнемі көтеріп, көптілді веб-сайттар, БШТУ-нің оқу процесін автоматтандыру ақпараттық жүйесі, деректер орталығы, онлайн оқыту және оқу-әдістемелік ресурстар сияқты бағдарламалық платформаларды әзірледі. Университет оқытушылардың дамуына арналған ақылды оқыту платформаларын және зертханаларын құрып, инновациялық білім беруге мүмкіндік беріп, елеулі нәтижелерге қол жеткізді: Университет Білім министрлігінің жасанды интеллект көмегімен оқытушыларды даярлау жобасына кірген алғашқы пилоттық университеттердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, университет Әлем тілдері мұражайын мен жаңа БШТУ мұражайын салып, өзінің даму жолын көрсетеді.

Қазіргі уақытта БШТУ халықаралық жоғары деңгейлі және әлемге танымал шет тілдері университеті болуды көздеп отыр, өзінің беделін арттырып, жаңа жетістіктерге жетуде. «Тілдер арқылы Қытайды әлеммен байланыстыру, шындық пен әділетті жолында бүкіл халықты қолдау» миссиясымен Университет патриотизмі, жаһандық көзқарасы және кәсіби дағдылары бар білімді мамандарды даярлау жалғастырып, Қытайдың әлеммен жақсырақ байланыс орнатуына және әлемнің Қытайды жақсырақ түсінуіне одан да зор үлес қосуға тырсады.