Басты бет > Университет > Кампус

Кітапхана

БШТУ көптілді жаһандық ерекше басылымдар орталығын құрды. Университеттің кітапханасында 107 тілде шамамен 1,6 миллион дана кітап, 1,41 миллионнан астам электрондық кітаптарды, 873 түрлі қағаз газет-журнал және 103 дерекқор бар, олардың көпшілігі тіл, әдебиет және мәдениет салаларына қатысты. Соңғы жылдары мамандықтарды дамытуға байланысты кітапхана саясат, экономика, дипломатия, құқық, журналистика, менеджмент, аймақтану және елтану салаларындағы кітап қорын кеңейтті. Университет «ашықтық, өзара байланыс, ақылдылық, инновациялық, бірігу» деген идеясын ұстана отырып, білім берудегі ақпараттық технологияландыру деңгейін үнемі көтеріп, көптілді веб-сайттар, БШТУ-нің оқу процесін автоматтандыру ақпараттық жүйесі, деректер орталығы, онлайн оқыту және оқу-әдістемелік ресурстар сияқты бағдарламалық платформаларды әзірледі. Университет оқытушылардың дамуына арналған ақылды оқыту платформаларын және зертханаларын құрып, инновациялық білім беруге мүмкіндік беріп, елеулі нәтижелерге қол жеткізді: Университет Білім министрлігінің жасанды интеллект көмегімен оқытушыларды даярлау жобасына кірген алғашқы пилоттық университеттердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, университет Әлем тілдері мұражайын мен жаңа БШТУ мұражайын салып, өзінің даму жолын көрсетеді.

Алты қабатты кітапхананың жалпы аумағы 23 мың шаршы метр. Оқырмандарға 2200-ден астам орын, 18 оқу бөлмесі, сондай-ақ конференция залы, семинарлар залы, дәрістерді ұсынылады. Сонымен қатар, кітапханада көрме залы, ұстаздарға арналған кітап кафесі, студенттерге арналған кітап кафесі, тіл және мәдениеттің иммерсивтік орталығы сияқты мәдени-демалыс орындары бар.


Wi-Fi кітапхананың барлық аумағында қолжетімді. Кітапхананың 24 сағат жұмыс істейтін кітаптарды өз бетінше қайтару терезесі бар, сонымен қатар мұнда өз бетінше басып шығару, көшірме алу, сканерлеу, кітап алу/қайтару, навигациямен жүру, электрондық газет оқу сияқты әртүрлі қызмет көрсететін құрылғылары ұсынылады. Кітапхананың электрондық оқу аймағы, мультимедиялық оқу кеңістігі бар және кезкелген аумағында ақпараттық тарату жүйелері орнатылған.


БШТУ кітапханасы «халықаралық, ерекше, сапалы, білікті» деген идеясын ұстана отырып, адамға бағытталғандық принципін сақтап, білім экономикасы мен цифрландыру дамуындағы өзгерістерге жылдам бейімделеді. Кітапхана өзінің бай кітап қоры, жайлы оқу ортасы, пайдаланушыға ыңғайлы қызметтері және жоғары технологиялық жабдықтары арқылы оқырмандарға толыққанды ақпараттық қызмет мен академиялық қолдау көрсетеді. Кітапхана шет тілдеріндегі академиялық ресурстар және сирек  басылымдарды жинап, университет ішіндегі және университетаралық мәдениетаралық интеграция үшін ресурстар орталығы және мәдениет алмасу орталығы болуға ұмтылады.