
10 желтоқсанда Финляндияның Қытайдағы елшісі Минкай (Микко Киннунен яғни Mikko Kinnunen) Бейжің шет тілдері университетіне (БШТУ) іссапармен келді. Университет ректоры, БШТУ ҚКП комитеті хатшысының орынбасары Цзя Вэньцзянь елші және оның делегациясымен кездесті. Тараптар ынтымақтастық салаларын кеңейту, екі елдің оқытушылары мен студенттері арасындағы достық алмасу және академиялық өзара әрекеттестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.