Басты бет > Жаңалық

Ректор Цзя Вэньцзянь Азия университеттерінің ректорлары форумына қатысты

Updated: 2025-11-24

21 қараша күні Гуанчжоу қаласында 2025 жылғы Азия университеттерінің ректорлары форумының (Asian University Presidents Forum, AUPF) ашылу рәсімі мен пленарлық отырысы өтті. Форум «Жаңа технологиялар және салааралық ынтымақтастық: Азиядағы жоғары білім беру саласының берік әрі инклюзивті өсіміне жаңа жол ашу» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шараға Бейжің шет тілдері университетінің ректоры, университет ҚКП комитеті хатшысының орынбасары Цзя Вэньцзянь құрметті қонақ ретінде қатысып, «Әлемді байланыстыратын көпір Бейжің шет тілдері университеті әлемге тілдік қызмет көрсететін мемлекеттік платформа» атты маңызды баяндама жасады.