16-қазанда Бейжің шет тілдер университетінде (БШТУ) Біріккен Ұлттар Ұйымының Университеті, ҚХР-дағы БҰҰ жүйесі, Бейжің шет тілдер университеті және Кейптаун университеті (ОАР) бірлесіп ұйымдастырған ««Болашаққа арналған пактті» іске асыру бойынша университеттер арасындағы диалог» болып өтті. Іс-шараны БШТУ-дың Аймақтану және елтану институты өткізді.

ҚХР Білім беру министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысының орынбасары Ли Хай, БҰҰ саяси мәселелер жөніндегі бас хатшысының орынбасары Гай Райдер (Guy Ryder), БҰҰ Бас хатшысы әкімшілігінің «Болашаққа арналған пактті» іске асыру бойынша кеңсесінің директоры Семба Каула (Themba Kaula), ҚХР-дағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Сиддхартх Чаттерджи (Siddharth Chatterjee) және БШТУ компартия комитетінің хатшысы Ван Динхуа ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.
Диалог ««Болашаққа арналған пактті» іске асыру және жаһалдық басқаруды жетілдіру» тақырыбына арналды. Оған барлық құрлықтардың университет өкілдері, БҰҰ ресми тұлғалары, сондай-ақ Білім беру министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Бүкілқытай жастар одағы және басқа да қатысты ведомстволардың өкілдері қатысты. Іс-шарада ««Болашаққа арналған пактті» іске асыру бойынша университеттердің әрекет жоспары» ресми түрде жарияланды.