Басты бет > Жаңалық

Бейжің шет тілдері университетінің 2025-2026 оқу жылын ашу салтанаты сәтті өтті

Updated: 2025-09-06

Бейжің, 1 қыркүйек 2025 ж. – Бейжің шет тілдері университетінде (БШТУ) 2025-2026 оқу жылына қабылданған жаңа студенттерге арналған дәстүрлі салтанатты ашылу рәсімі өтті. 90-нан астам елден және Қытайдың әртүрлі аймақтарынан келген 3917 жаңа студент БШТУ отбасына қосылды.

Салтанатқа БШТУ Компартия комитетінің хатшысы Ван Динхуа, хатшысының орынбасары, университет ректоры Цзя Вэньцзянь, хатшысының орынбасарлары Цзя Дэчжун және Су Дапэн, тұрақты мүшелері, проректорлар Дин Хао мен Чжао Ган, сонымен қатар Қытайдағы Грузияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Арчил Каландия, сондай-ақ БШТУ-дың Халықаралық бизнес институтынң 2013 жылғы түлегі, «Әлемге саяхат» еріктілер саяхат платформасының негізін қалаушы Ван Юйхао және басқа да қонақтар қатысты.

Цзя Вэньцзянь 2025 жылғы жаңа студенттерді қарсы алып, оларға жақсы тілектерін айтты.

Салтанат барысында Қытайдағы Грузияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Арчил Каландия, сондай-ақ түлектердің, оқытушылардың, бакалавриат пен магистратура студенттерінің, сонымен қатар шетелдік студенттердің өкілдері сөз сөйледі.

Ван Динхуа жаңа студенттердің өкілдеріне университеттің логотипін тағып, студенттік карталарды тапсырды.

Кейін жаңа студенттердің өкілдері салтанатқа қатысқан оқытушыларға гүл сыйлады, ал жаңа студенттер олардың өкілінің оқыған үлгісін тыңдап, бірге университетке ант береді. Салтанатты рәсім университет әнінің бірге айтылуымен аяқталды.